Дайындық мектебі жаңа Академиялық Ағылшын тілі курстарының тіркеуі ашылғандығы туралы хабарлайды.
Кейбір техникалық ақауларға байланысты сұрауларыңызды nu_prep@nu.edu.kz электрондық поштасына қайта жіберуіңізді сұраймыз.
IELTS 5.0 - 6.0 деңгейлері бар I, II, III ағылшын тілі курстары
Курстардың форматы: Офлайн (Назарбаев Университетінің кампусы)
Бір курстың ұзақтығы: 12 апта (жұма және сенбі күндерінің кешкі уақыт аралығы)
Назарбаев Университетінің ағылшын тілінің академиялық курстары кімге арналған?
Студенттер мен түлектерге: біздің ұсынылып отырған курс кешенінің көмегімен ағылшын тілінде оқытатын мектептер мен университеттерде білім алуға дайындалыңыз. Көп мәдениетті оқу ортасында жетістіктерге жетуге қажетті дағдыларды игере аласыз. Біздің курс бакалавриат бағдарламысының түлектеріне әрі қарай ағылшын тілінде магистр және философия докторы бағдарламаларын жалғастыру үшін өте қолайлы;
Мамандарға: бұл курс Қазақстанның ұлттық және трансұлттық компанияларында жұмыс істейтін мамандар үшін де қолайлы. Мансаптық өсу және тиімді іскерлік қарым-қатынас үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттырыңыз.
Бізді неге таңдайды?
Академиялық және кәсіби ағылшын тілінің курстары: біз тілдік дағдыларды жан-жақты дамытуды қамтамасыз ете отырып, академиялық және кәсіби контекстті қамтитын ағылшын тілі курстарын ұсынамыз;
Оқытудың инновациялық әдістері және білікті оқытушылар: біздің білікті ағылшын тілінің оқытушылары тиімді нұсқаулар беру үшін заманауи оқыту әдістерін қолданады;
Ыңғайлы оқыту кестесі: біз сіздің жұмыс кестеңізге сәйкес келетін ыңғайлы кешкі уақыт аралығы мен демалыс күндерінде өтетін оқу нұсқаларын ұсынамыз;
Назарбаев Университетінің ақпараттық ресурстары: сіздің оқу процесінің тиімділігін жақсарту үшін Назарбаев Университетінің ақпараттық ресурстарына қол жеткізу.
Академиялық ағылшын тілі курстары туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтемеге басыңыз.
Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Құрметпен,
Дайындық мектебі
Байланыс ақпараты: nu_prep@nu.edu.kz email
3 қазан
Кездесу
17 қазан
Workshop