Біз сіздерді MBA Coffee and Talk — Назарбаев Университеті Жоғарғы Бизнес мектебінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) бағдарламасы туралы ақпарат алуға арналған бейресми кездесуге шақырамыз.
Күні: 26 қараша 2025 ж., 19:00
Өтетін орны: Назарбаев Университеті, C3 блогы, 3-қабат, 3016 аудитория
Кездесу барысында профессор Джиянг Донг «Қытай–Қазақстан бизнес ынтымақтастығының прогресі мен қиындықтары: екі тараптан талдау және перспективалар» тақырыбында пікірталас жүргізеді.
Біздің MBA бағдарламамыз мансаптық өсуге ұмтылатындарға, кәсіби және жеке өмірді үйлестіруге ұмтылатын жұмыс істейтін мамандарға бағытталған. Бағдарламаның икемді форматы (кешкі онлайн-сессиялар және демалыс күндері офлайн сабақтар) арқасында алған біліміңізді оқудың алғашқы күндерінен бастап тәжірибеде қолдана аласыз.
Кездесу барысында сіз:
Назарбаев Университеті Жоғарғы Бизнес мектебінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі (NUGSB MBA) бағдарламасы сіздің кәсіби мақсаттарыңызға жетуге қалай көмектесетінін білуді жіберіп алмаңыз.
Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз
Байланыс ақпараты: akerke.ainabekova@nu.edu.kz
15 қараша
Conferences
3 қараша
Info-sessions