НУ Кітапханасы Қазақстан Республикасының университет кітапханалары қауымдастығымен бірлесе отырып, кітапхана қызметкерлері мен ақпараттық ғылым мамандарын Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингіне қатысуға шақырады. Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингі Кітапханалық технологиялар мектебінің (КТМ) жетілдірілген және кеңейтілген бағдарламасы болып табылады. Тренинг кітапхана қызметі саласындағы мамандардың білімі мен кәсіби құзыреттілігін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Жаңа инновациялық бағдарлама ҚР академиялық кітапханалары қызметкерлерінің ақпараттық және кәсіби қажеттіліктерін қамтиды.
Тақырыбы: “Стратег рөліндегі кітапханашының көшбасшылық әлеуетін дамыту”.
Тренинг өткізілетін орны мен уақыты: НУ Кітапханасы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана қ., 2025 жыл, 1-5 желтоқсан.
Тренинг туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушының тіркеу формасы НУ Кітапханасының сайтында қыркүйек айында қолжетімді болады.
Байланыс ақпараты: library@nu.edu.kz
4 желтоқсан
Conferences
4 желтоқсан
Info-sessions