Астана университеттерінде Еуропалық киномарафон басталуда!
Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі 30 қазан мен 2 қараша аралығында Астана
қаласында Еуропалық Фильмдер Фестивалін ұйымдастырады!
Фестиваль аясында жеңіл, заманауи, жастардың армандарына, өзара қарым-қатынастары мен
амбицияларына негізделген жақын арада (2021-2022) шыққан 4 фильм таңдалды. Фильмдер
беделді халықаралық кинофестивальдердің жеңімпаздары мен номинанттары, олардың көбісі
бірлескен туындылар болып табылады. Әр көрсетілімге Еуропалық Одақтың Қазақстандағы
Елшісі мен ЕО-қа мүше мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ университет студенттері
шақырылады. Көрсетілімнен кейін қатысушылар үшін фильмдерді талқылау мен ойындарға
ұйымдастырылады.
Фестивальдің ашылу салтанаты 30 қазан сағат 18.00-де Назарбаев Университетінде өтеді.
Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас мырза кинофестивальді ашып,
Португалияның Қазақстандағы Елшісі Мария де Фатима Мендес ханым фестивальдің алғашқы
фильмі – MY GRANDFATHER’S DEMONS атты фильм туралы айтып береді.
MY GRANDFATHER’S DEMONS - Португалия, Испания, Францияның туындысы - Гойя
сыйлығының 2023 жылғы үздік анимациялық фильмі. Ашылу салтанаты аясында көрсетілетін
бұл фильм өмірдегі маңызды мәселелер туралы ойлауды еске салады және көптеген өзекті
тақырыптарды қозғайды: жанынды емдеу, кек алу, достық, алыстағы өмір мен қала өмірі
айырмашылығы.
Ашылу салтанатының күні мен уақыты: 2023 жылдың 30 қазаны, сағат 18:00
Өтетін орны: Назарбаев Университетінің кинотеатры
Байланыс ақпараты: Yersin Anuarbek 4960 yersin.anuarbek@nu.edu.kz
3 қазан
Кездесу
17 қазан
Workshop