барлық хабарландырулар
2024, ақпан 14

Назарбаев Университетіне түсу үшін кепілдік жарна туралы маңызды ақпарат!

Назарбаев Университетіне түсу үшін кепілдік жарна туралы маңызды ақпарат!

Құрметті талапкерлер!

Оқуға шақыру алған барлық бағдарлама (екі жылдық Медбикелік іс бакалавры бағдарламасын қоспағанда)  талапкерлері үшін міндетті кепілдік жарнаның енгізілуі туралы хабарлаймыз.

Кепілдік жарна Назарбаев Университетінде оқуға және оқуға қабылдауға арналған орынды қамтамасыз етеді.

Оқуға шақыру хатын қабылдаған жағдайда, талапкерлер 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде қайтарылатын міндетті Кепілдік жарнаны төлеуі тиіс. 

Міндетті кепілдік жарнаны қайтару үшін оқуға түскен студент келесі жиынтық шарттар орындау қажет:

1) Назарбаев Университетінде оқыту бойынша қызметтерді көрсету шартына екіжақты қол қою;

2) Бағдарлау апталығына қатысуы;

3) Студенттің бірінші семестрді жақсы академиялық үлгеріммен аяқтауы.

Кепілдік жарна бағдарламаның екінші семестрінде Университет оқуға түскен студентке шығарған банк картасына ақша аударымы арқылы қайтарылады.

Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда кепілдік жарна қайтарылмайды.

Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз және сіздерді студенттер қатарында көруге асығамыз!

2024, ақпан 14

Осы мақаламен бөлісіңіз