барлық хабарландырулар
2023, қараша 15

Назарбаев Университетіне оқуға түсу бойынша офлайн кеңес алу мен Университет бойынша экскурсиялардың (кампус турлардың) уақытша тоқтатылуы

Назарбаев Университетіне оқуға түсу бойынша офлайн кеңес алу мен Университет бойынша экскурсиялардың (кампус турлардың) уақытша тоқтатылуы

Қызылша ауруының өршуіне байланысты Назарбаев Университетіне оқуға түсу бойынша офлайн кеңес алу мен Университет бойынша экскурсиялардың уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз.

Қызылша өте жұқпалы вирустық ауру екенін есте сақтаңыз. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (Centers for Disease Control and Prevention) мәліметтері бойынша, қызылшамен ауырған бір адам өзінің айналасындағы 10 адамның 9-ын жұқтыруы мүмкін. Бұл вирус тасымалдаушыдан ауа арқылы 2-3 метрге дейін таралуы мүмкін және бірнеше сағат бойы ауада жұқпалы болып қалады.

Сіздердің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз біз үшін маңызды. Біз уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және сіздердің түсіністік танытқандарыңызға үміттенеміз.

 

2023, қараша 15

Осы мақаламен бөлісіңіз