Назарбаев Университеті кəсіби бағдарлаушыларды, мектеп мұғалімдерін және қызметкерлерін, кəсіби бағдар беру жұмысына жауапты білім беру бөлімдерін, сондай-ақ білім беру орталықтарының өкілдерін жəне басқа да мүдделі тұлғаларды жыл сайынғы кəсіби бағдарлаушылар семинарына қатысуға шақырады. Семинар 2021 жылдың 26-27 қыркүйегі аралығында Zoom платформасы арқылы өтеді.
Биылғы жылы Назарбаев Университеті Мектеп оқушыларын кəсіби бағдарлау халықаралық бірлестігімен бірлесе отырып: «Жаңа шындықтағы кəсіби бағдарлаудың қиындықтары мен тенденциялары» тақырыбында кəсіби бағдарлаушылардың VIII семинарын өткізуде. Семинар барысында жаңа ұрпақтың ерекшеліктерін түсіну, арнайы дағдыларды дамыту, түлектерді студенттік өмірге дайындау, сондай-ақ жергілікті жəне шетелдік жоғары оқу орындарына түсу ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады.
Бірінші күні мен екінші күннің бірінші жартысына қатысу ақысыз, ал екінші күннің екінші жартысында ақылы болады. Семинардың ақылы бөлігіне қатысу - 3000 теңгені құрайды. Ал Мектеп оқушыларына кəсіби бағдарлау халықаралық бірлестігі мүшелеріне тегін болады. Мектеп оқушыларына кəсіби бағдарлау халықаралық бірлестігінің мүшесі болу үшін Нуртилек Аубакировке +7(707)7560600 нөмірі арқылы хабарласыңыз.
Семинар орыс жəне қазақ тілдерінде өтеді. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады.