Назарбаев Университеті магистратура және докторантура бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау төмендегі кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұзартылды:
|
Мектеп |
Бағдарлама түрі |
Онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі |
IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі |
|
Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі |
Магистратура |
25 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) |
3 мамыр 2024 ж. |
|
Докторантура |
29 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) |
6 мамыр 2024 ж. |
|
|
Медицина мектебі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі
Жоғары білім беру мектебі
|
Магистратура |
25 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) |
10 мамыр 2024 ж. |
|
Докторантура |
29 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) |
6 мамыр 2024 ж. |
|
|
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі |
Магистратура |
6 мамыр 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) |
13 мамыр 2024 ж. |
|
Докторантура |
6 мамыр 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) |
15 мамыр 2024 ж. |
|
|
Жоғары бизнес мектебі |
Докторантура |
25 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) |
3 мамыр 2024 ж. |
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды) және «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді.
Осы процестерді аяқтағаннан кейін, өтінімге өзгерістер енгізілмейді.
4. IELTS (Online test басқа) / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
- IELTS тапсыру үшін код: NU
- TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.