барлық хабарландырулар
2023, қаңтар 16

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің 2-жылдық «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына оқуға түсү үшін онлайн өтінімдерді қабылдау басталды

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің 2-жылдық «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына оқуға түсү үшін онлайн өтінімдерді қабылдау басталды

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің 2 жылдық «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап 28 сәуірге дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Конкурсқа қатысу үшін талапкер келесі қадамдарды орындауы қажет:

1: admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп Жеке кабинет ашу;

2: Сауаланама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:

  • Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
  • Мейірбикелік іс саласындағы транскрипті бар дипломның немесе баламасының  нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі немесе транскрипттің баламалы тексерілген сандық көшірмесі.
  • Дипломнан кейінгі оқытудың нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі.
  • Еңбек кітапшасының немесе өзге де балама құжаттың нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі.
  • Мейірбикелік іс саласындағы маманның қолданыстағы сертификаты (электрондық нысанда).
  • Ағылшын тілінде екі ұсыным хат (электрондық нысанда).
  • Ағылшын тілінде эссе (400-800 сөз) (электрондық нысанда).

3: “Submit application” батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу. Бұдан кейін сауалнама нысанына өзгерістер енгізілмейді.

Толық ақпарат алу үшін:

  • «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасы туралы ақпаратты мына сілтеме  немесе Медицина мектебінің менеджері Бауыржан Сейтбаев (+7 7172 70 63 80, nusom@nu.edu.kz) арқылы алуды сұраймыз,
  • «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің менеджері Багдатгул Ахылбековаға (undergraduate_admissions@nu.edu.kz) хабарласуыңызды сұраймыз.

2023, қаңтар 16

Осы мақаламен бөлісіңіз