барлық хабарландырулар
2024, ақпан 12

Назарбаев Университетінің 2024-2025 академиялық жылына Медицина мектебінің резидентура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

Назарбаев Университетінің 2024-2025 академиялық жылына Медицина мектебінің резидентура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

Резидентура бағдарламаларына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 12 ақпанда басталды.

Онлайн өтінім беру 2024 жылғы 10 маусымды қоса алғанға (Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары үшін) дейін қолжетімді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі әрекеттерді орындауы керек:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу және Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.

Қабылдау талаптары туралы толығырақ ақпаратты осында табуға болады.

3. Қайтарылмайтын тіркелу жарнасын төлеу және өтінімді беру үшін «Pay and submit application» батырмасын басу.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды (Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары үшін). Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде (егер бар болса) төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.

Өтінімді жібергеннен кейін оған және құжаттарға өзгерістерді енгізу мүмкін емес.

4. Жеке кабинеттегі нұсқаулыққа сәйкес IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну.

Маңызды:

Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL сертификат нәтижелерін ұсыну үшін жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша үміткер сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық пен талаптар Жеке кабинетте қолжетімді.

Кейбір үміткерлер ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін беруден босатылуы мүмкін. Толығырақ "Қабылдау" - "Бағдарламалар түрлері" - "Магистратура" -  "Медицина мектебі" бетінде.

Қосымша әрекеттер:
НУ сайтындағы жаңартулар мен өтінім беру нысанында енгізілген электрондық поштаңызды қадағалаңыз, ал өтініміңіздің статусын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу, онлайн өтінімді беру, тест нәтижелерін ұсыну кезінде қиындықтар туындаған жағдайда nusom@nu.edu.kz электрондық поштаға жазуды сұраймыз. Хатта міндетті түрде Жеке кабинетте берілген нөмірді (Applicant ID) және бағдарлама атауын көрсетіңіз.

Оқыту түрі 

Бағдарлама

Оқу ұзақтығы

Резидентура

Патологиялық анатомия

3 жыл

Педиатрия

Отбасылық медицина

Терапия

Психиатрия

Акушерлік және гинекология

4 жыл

Анестезиология және қарқынды терапия

Офтальмология

Жалпы хирургия

5 жыл

Ортопедия және травматология

Радиология

Урология

Cізге сәттілік тілейміз!

2024, ақпан 12

Осы мақаламен бөлісіңіз