Құрметті талапкерлер!
Қазақстан Республикасында жалғасып жатқан төтенше жағдайға байланысты Назарбаев Университеті “NUET талапкерлері” санатындағы талапкерлер үшін бакалавриат бағдарламасына онлайн өтініш беру мерзімін 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартады. Бакалавриат бағдарламасының осы санатындағы талапкерлер үшін IELTS және TOEFL емтихандарының нәтижелерін тапсыру мерзімі де 2022 жылдың 25 ақпанына дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартылды.
Сау саламат болыңыз!