барлық хабарландырулар
2023, сәуір 18

NU SSH мектебі Биологиялық ғылымдар және технологиялар саласындағы ғылым магистрі, Химия саласындағы докторантура және Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылды

NU SSH мектебі Биологиялық ғылымдар және технологиялар саласындағы ғылым магистрі, Химия саласындағы докторантура және Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылды

Назарбаев Университеті Биологиялық  ғылымдар және технологиялар саласындағы ғылым магистрі бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 2 мамырға дейін (Астана уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады, Химия саласындағы докторантура және Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 25 cәуірге дейін (Астана уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады.

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;

3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

4. «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.

5. IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.

 * IELTS тапсыру үшін код: NU

 * TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

Осы процестерді аяқтағаннан кейін, өтінімге өзгерістер енгізілмейді.

Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.ssh@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

2023, сәуір 18

Осы мақаламен бөлісіңіз