барлық хабарландырулар
2023, сәуір 20

НУ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды

НУ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды

Назарбаев Университеті Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 28 cәуірге дейін  (Астана уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады.

IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 13 мамырға дейін (Астана уақыты бойынша 23:59).

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;

3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды) және «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді.

Осы процестерді аяқтағаннан кейін, өтінімге өзгерістер енгізілмейді.

4. IELTS (Online test басқа) / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.

 * IELTS тапсыру үшін код: NU

 * TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

 

Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.seds@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

2023, сәуір 20

Осы мақаламен бөлісіңіз