NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі барлықтарыңызды Zoom платформасында өтетін ақпараттық сессияға шақырады!
Сессия барысында сіздер магистратура және докторантура бағдарламалары, өтінімдерді қабылдау мерзімдері, оқуға түсу талаптары туралы сұрақтарға жауап аласыздар, сондай-ақ грантқа оқуға түсу және негіздеме хатты жазу жолдары туралы пайдалы кеңестер аласыздар.
| 17:30-17:40 | Алғы сөз | Аида Султанали, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі (ағылшын тілінде) |
| 17:40-18:30 | Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар үміткерлеріне арналған презентация | |
| 18:30-19:00 | «Негіздеме хатты жазу жолдары» | Шейн Коутс, Инструктор, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ағылшын тілінде) |
| 19:00-19:10 | Сұрақ-жауап сессиясы | |
| 19:10-20.30 | Сұрақ-жауап сессиясы | Аида Султанали, Cтуденттерді оқуға тартуды басқару офисі (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде) |
Сессия ағылшын тілінде өтеді. Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.
Сессия 2022 жылдың 20 қаңтарында Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 17:30-20:30 аралығында өтеді.
Іс-шараға сілтеме арқылы тіркеліңіз.
Қосымша сұрақтар бойынша +7 7172 642584, +7(747)0940230 телефондары және info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы Байланыс орталығына хабарласуға болады.