Назарбаев Университеті Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 28 cәуірге дейін (Астана уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады.
IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 13 мамырға дейін (Астана уақыты бойынша 23:59).
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды) және «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді.
Осы процестерді аяқтағаннан кейін, өтінімге өзгерістер енгізілмейді.
4. IELTS (Online test басқа) / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
* IELTS тапсыру үшін код: NU
* TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.seds@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.