Конкурстық іріктеуге қатысу мүмкіндігті арттыру үшін Магистратура бағдарламаларына* және «Медицина докторы» бағдарламасына барлық грант түрлеріне онлайн өтінім беру мерзімдері ұзартылды. Төмендегі кестеден жаңартылған мерзімдермен танысуыңызды сұраймыз:
|
Онлайн өтінімдерді беру соңғы мерзімі |
Тест нәтижелерін тапсырудың соңғы мерзімі |
|
23 қаңтар 2025 ж. (Астана уақыты бойынша 14:00-ге дейін) |
3 ақпан 2025 ж. (Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін) |
*Іскерлік әкімшілендіру магистрі және Қаржы жөніндегі ғылым магистрі бағдарламаларынан басқа
Қалай өтінім беру керек:
1️ admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашыңыз.
2️ Өтінім беру нысанын толтырып, барлық қажетті құжаттарды Жеке кабинетке жүктеңіз.
3️ Тіркеу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберіңіз.
Маңызды: Тіркеу жарнасы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде онлайн банк картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.
IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну:
IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Көмек керек пе?
Өтінім беру барысында қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберіп, Applicant ID нөміріңізді көрсетіңіз.