барлық хабарландырулар
2024, желтоқсан 20

Назарбаев Университетінің магистратура бағдарламаларына және «Медицина докторы» бағдарламасы үшін барлық грант түрлеріне онлайн өтінім беру мерзімінің ұзартылуы

Назарбаев Университетінің магистратура бағдарламаларына және «Медицина докторы» бағдарламасы үшін барлық грант түрлеріне онлайн өтінім беру мерзімінің ұзартылуы

Конкурстық іріктеуге қатысу мүмкіндігті арттыру үшін Магистратура бағдарламаларына* және «Медицина докторы» бағдарламасына барлық грант түрлеріне онлайн өтінім беру мерзімдері ұзартылды. Төмендегі кестеден жаңартылған мерзімдермен танысуыңызды сұраймыз:

Онлайн өтінімдерді беру соңғы мерзімі

Тест нәтижелерін тапсырудың соңғы мерзімі

23 қаңтар 2025 ж. (Астана уақыты бойынша 14:00-ге дейін)

3 ақпан 2025 ж. (Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін)

*Іскерлік әкімшілендіру магистрі және Қаржы жөніндегі ғылым магистрі бағдарламаларынан басқа

 

Қалай өтінім беру керек:
1️ admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашыңыз.
2️ Өтінім беру нысанын толтырып, барлық қажетті құжаттарды Жеке кабинетке жүктеңіз.
3️ Тіркеу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберіңіз.

Маңызды: Тіркеу жарнасы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде онлайн банк картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.

IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну:
IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
 

Көмек керек пе?
Өтінім беру барысында қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберіп, Applicant ID нөміріңізді көрсетіңіз.

2024, желтоқсан 20

Осы мақаламен бөлісіңіз