Назарбаев Университеті 2022-2023 академиялық жылына арналған Бакалавриат бағдарламаларына Жыл ортасынан бастап ақылы негізде оқуға онлайн өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Онлайн өтінімдер 2022 жылдың 21 қарашасы мен 5 желтоқсанын қоса алғанда қабылданады (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін).
Осы конкурсқа өтінім берген талапкерлер мемлекеттік грант немесе басқа да шәкіртақыларды тағайындау конкурсына қатыса алмайды. Қабылдау талаптары мен шарттары талапкерлердің стандартты қабылдаумен бірдей.
Бұл іріктеуден қабылданған студенттер оқуын көктемгі семестрде бастайды.
Конкурсқа қатысу үшін талапкер келесіні орындауы қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп Жеке кабинет ашу;
2. Сауаланама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
- Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
- Қосымшасы бар аттестат/дипломның, A-level/NIS Grade 12 Certificate-ның ( A-level/NIS сертификатының иегері үшін) немесе қосымшасы бар IB Diploma Programme (IB DP түлектері үшін) нотариалды куәландырылған сканерленген көшірмесі;
- Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды). Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
4. “Submit application” батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу. Бұдан кейін сауалнама нысанына өзгерістер енгізілмейді.
5. IELTS (IELTS Online тестінен басқа)/TOEFL(TOEFL Home Edition тестінен басқа) нәтижелерін Жеке кабинеттегі нұсқаулық бойынша ұсыну.
Маңызды:
1. Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және SAT/ACT сертификаттарды ұсыну үшін, жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша талапкер сертификаттардың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық жеке кабинетте қолжетімді. Стандартталған сынақтың расталған нәтижелерін жіберу үшін келесі кодтарды пайдаланыңыз:
- IELTS - NU
- TOEFL - 6762
- SAT – 7915
- ACT – 5521.
Тест нәтижелерін тапсыру соңғы мерзімі 2022 жылғы 5 желтоқсан.
Келесі қадамдар:
Сауалнама нысанына енгізілген электронды поштаңызды тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толық ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.
Cәттілік тілейміз!