барлық хабарландырулар
2023, желтоқсан 15

Назарбаев Университетінің 2024-2025 академиялық жылына докторантура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

Назарбаев Университетінің 2024-2025 академиялық жылына докторантура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

Докторантура бағдарламаларына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 15 желтоқсанда басталды. 

Шетел азаматтары үшін:

Мектеп

Онлайн өтінімдерді берудің соңғы мерзімі

IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудың соңғы мерзімі

Жоғары бизнес мектебі

2024 жылғы 29 ақпан (Астана уақыты бойынша 13:00)

2024 жылғы 12 наурыз (Астана уақыты бойынша 23:59)

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

2024 жылғы 4 наурыз (Астана уақыты бойынша 13:00)

2024 жылғы 18 наурыз (Астана уақыты бойынша 23:59)

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Медицина мектебі

Жоғары білім беру мектебі

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

 

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

Мектеп

Онлайн өтінімдерді берудің соңғы мерзімі

IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудың соңғы мерзімі

Жоғары бизнес мектебі

2024 жылғы 18 сәуір (Астана уақыты бойынша 13:00)

2024 жылғы 1 мамыр (Астана уақыты бойынша 23:59)

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

2024 жылғы 22 сәуір (Астана уақыты бойынша 13:00)

 

2024 жылғы 6 мамыр (Астана уақыты бойынша 23:59)

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Медицина мектебі

Жоғары білім беру мектебі

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

 

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі әрекеттерді орындауы керек:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу және Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.

Қабылдау талаптары туралы толығырақ ақпаратты осында табуға болады.

3. Қайтарылмайтын тіркелу жарнасын төлеу және өтінімді беру үшін «Pay and submit application» батырмасын басу.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды (Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары үшін. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде (егер бар болса) төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.

Өтінімді жібергеннен кейін оған және құжаттарға өзгерістерді енгізу мүмкін емес.

4. Жеке кабинеттегі нұсқаулыққа сәйкес IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну.

Маңызды:

Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және GRE/GMAT (керек болған жағдайда) сертификат нәтижелерін ұсыну үшін жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша үміткер сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық пен талаптар Жеке кабинетте қолжетімді.

Кейбір үміткерлер ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін беруден босатылуы мүмкін. Толығырақ "Қабылдау" - "Бағдарламалар түрлері" - "Докторантура" бетінде.

Қосымша әрекеттер:

НУ сайтындағы жаңартулар мен өтінім беру нысанында енгізілген электрондық поштаңызды қадағалаңыз, ал өтініміңіздің статусын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу, онлайн өтінімді беру, тест нәтижелерін ұсыну кезінде қиындықтар туындаған жағдайда phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштаға жазуды сұраймыз. Хатта міндетті түрде Жеке кабинетте берілген нөмірді (Applicant ID) және бағдарлама атауын көрсетіңіз.

Cізге сәттілік тілейміз!

2023, желтоқсан 15

Осы мақаламен бөлісіңіз