барлық хабарландырулар
2023, мамыр 4

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі “Басшыларға арналған іскерлік әкімшілдік магистрі” бағдарламасына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі туралы хабарлайды

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі “Басшыларға арналған іскерлік әкімшілдік магистрі” бағдарламасына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі туралы хабарлайды

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің “Басшыларға арналған іскерлік әкімшілдік магистрі” бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 18 желтоқсанға дейін (Астана уақыты бойынша 23:59) жалғасады.

Өтінімнің үш кезеңі бар:

1 раунд: 2023 жылғы 4 мамырдан 31 шілдеге дейін;

2 раунд: 2023 жылғы 31 қазанға дейін;

3 раунд: 2023 жылдың 1 қарашасынан 18 желтоқсанына дейін.

Әрбір раундқа төмендегі тіркеу жарналары қолданылады:

1 раунд – 5 000 теңге;

2 раунд – 30 000 теңге;

3 раунд – 40 000 теңге.

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;

3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды) және «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді.

Осы процестерді аяқтағаннан кейін, өтінімге өзгерістер енгізілмейді.

4. IELTS (IELTS Online тестінен басқа) / TOEFL (TOEFL Home Edition тестінен басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.

  • IELTS тапсыру үшін код: NU
  • TOEFL тапсыру үшін код: 6762

Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.gsb@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

2023, мамыр 4

Осы мақаламен бөлісіңіз