Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау шетелдік үміткерлер үшін 2024 жылғы 05 наурызға дейін (Астана уақыты бойынша 13.00) ұзартылды.
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Сауалнама нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
4. «Pay and Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау.
5. IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
● IELTS тапсыру үшін код: NU
● TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.seds@nu.edu.kz, phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.