Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінде «Жер туралы ғылым саласындағы ғылым магистрі» атты жаңа бағдарламаның ашылғанын қуана хабарлаймыз!
Қазақстан азаматтары үшін онлайн өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 22 сәуірден 2024 жылғы 15 мамырға дейін (Астана уақыты бойынша 13.00) қолжетімді болады.
IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 20 мамыр.
Тіркелу жарнасының мөлшері:
2024 жылғы 22 сәуірден 2024 жылғы 1 мамырға дейін – 10 000 теңге.
2024 жылғы 2 мамырдан 2024 жылғы 15 мамырға дейін – 30 000 теңге.
Конкурсқа қатысу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды) және «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді.
Осы процестерді аяқтағаннан кейін, үміткер өтінімге өзгерістер енгізе алмайды.
4. IELTS (Online test басқа) / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
IELTS үшін код: NU
TOEFL (Home Edition-нан басқа) үшін код: 6762
Өтінім беру кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.smg@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.