Онлайн өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 7 желтоқсанға (Астана қ. уақыты бойынша күндізгі сағат 12:00) дейін ұзартылды. Өтінім беру үшін сізге admissions.nu.edu.kz порталында Жеке кабинет ашу, тіркелу жарнасын төлеу, өтінім нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу қажет.
Техникалық ақауларға байланысты тіркелу жарнасын төлеу мәселелері туындауы мүмкін. Бұл жағдайда кейінірек төлем жасауға тырысыңыз.
Маңызды:
IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 20 желтоқсан (қоса алғанда). Соңғы мерзімнен кейін ұсынылған сертификаттар конкурста қарастырылмайды. Тілдік тест нәтижелерін ұсыну Нұсқаулығы Жеке кабинетте орналасқан.