барлық хабарландырулар
2023, қыркүйек 14

NUFYP және бакалавриат бағдарламаларына оқуға қабылдау бойынша өзгерістер

NUFYP және бакалавриат бағдарламаларына оқуға қабылдау бойынша өзгерістер

Құрметті талапкерлер! 

Өтінімдерді қарастыру мерзімін қысқарту және оқуға шақыру хаттарын келер жылдың сәуір-мамыр айларында жіберуді жоспарлау себебіне байланысты, Назарбаев Университеті жақын арада NUFYP және бакалавриат бағдарламаларына оқуға қабылдау қағидаларына шамалы өзгерістер енгізетінін хабарлайды.  

Біз әрқашан талапкерлеріміздің мүдделері үшін әрекет етуге және оқуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысамыз. Осыған байланысты, қабылдау процесін жетілдіру және оқуға шақыру хаттарын күту уақытын қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұл талапкерлерге өз уақытын алдын ала жоспарлап, Назарбаев Университетінде оқу жылына дайындалуға мүмкіндік береді. Аталған өзгерістер қабылдау санаттарының көпшілігіне әсер етпейтінін нақтылағымыз келеді. 

Жақын арада жарияланатын өзгерістердің ерекшеліктері мен қосымша ақпараттарды біздің веб-сайтымызда бақылап отыруыңызды сұраймыз. 

Біз Сізді барлық жаңартулар туралы хабардар етуге тырысамыз. 

Назарбаев Университетіне қызығушылық танытқаныңыз үшін ризашылық білдіреміз. 

 

Құрметпен, 

Студенттерді оқуға қабылдау департаменті 

2023, қыркүйек 14

Осы мақаламен бөлісіңіз