НУММ эндокринология саласындағы резидентура бағдарламасы эндокринология саласындағы тереңдетілген мамандануы бар жалпы практика дәрігерлерін даярлауға бағытталған.Бағдарлама резиденттерді кең таралған және күрделі эндокриндік ауруларды жүргізуге дайындайды, сондай-ақ академиялық және ғылыми қызметке қатысу үшін қажетті білім мен дағдыны қамтамасыз етеді.
Оқу жоспары ACGME негізгі құзыреттеріне сәйкес келеді және жалпы ішкі медицинамен және эндокринологиямен байланысты әртүрлі жағдайларда клиникалық даярлықты көздейді. Резиденттер стационарлық, сол сияқты амбулаториялық клиникалық қызметтерде жұмыс тәжірибесін алады, сондай-ақ клиникалық практикаға да, трансляциялық ғылыми зерттеулерге де қатыса алады.
NU SoM кампусы бойынша виртуалды турды қарау 360 Virtual Tour
Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар
Тілі: Ағылшын, Қазақ, Орыс
Оқыту формасы: күндізгі
Ұзақтығы: 5 жыл
Эндокринология саласындағы резидентура бағдарламасының мақсаттары мынаны білдіреді:
Резиденттерді ACGME-нің эндокринология саласындағы негізгі алты құзыретіне сәйкес оқыту (Пациенттердің күтімі және процедуралық дағдылар, медициналық білім, практика негізінде оқыту және жетілдіру, тұлғааралық қарым-қатынас дағдысы, кәсібилік, жүйелік практика);
ДМ түлектерін клиникалық және ғылыми қызметте білімі мен дағдысын қолдануға қабілетті эндокринология саласындағы білікті дәрігер және маман болуға дайындау;
Қазақстан халқының, оның iшiнде ауылдық және қалалық жерлердегi қазiргi заманғы қажеттiлiктерiне жауап беретiн эндокринолог мамандарды даярлау.
Эндокринология саласындағы резидентура бағдарламасы аяқталғаннан кейін білім алушылар жоғары кәсіби дағдыға ие болады, оларға:
клиникалық практикада - ауруханаларда, эндокринологиялық клиникаларда және амбулаториялық орталықтарда;
эндокринологияны, диабетологияны дамытуға және метаболикалық бұзылуларды зерттеуге үлес қоса отырып, академиялық және ғылыми-зерттеу институттарында;
эндокринологиялық бөлімшелерге және пациенттердің күтімі бойынша қызметтерге басшылықты жүзеге асыра отырып денсаулық сақтау жүйесіндегі басшылық лауазымдарда.
Біз сізбен байланысу үшін жеке мәліметтеріңізді жазып алыңыз
Курсыңызды өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеңіз.