Бизнес әкімшілігі бойынша PhD бағдарламасы жетекші академиялық мекемелерде оқытушы болуды немесе тиісті ұйымдарда қолданбалы зерттеулер жүргізуді мақсат еткен студенттерге арналған.
Бұл бағдарлама студенттерге зерттеулер жүргізу үшін қажетті теориялық және эмпирикалық құралдар бойынша мықты негіз береді.
PhD бағдарламасын аяқтаған кезде студенттер әртүрлі бизнес тақырыптары бойынша тәуелсіз, инновациялық және жоғары сапалы зерттеулерді жобалауға және орындауға қажетті дағдыларға ие болады. NUGSB PhD бағдарламасы академиялық, өнеркәсіптік және мемлекеттік ортадағы мансап үшін берік негіз қалайды.
Бағдарлама 4 жылға есептелген және міндетті курстарды, зерттеу жұмысын және диссертация жазуды қамтиды. Оның құрылымы Солтүстік Америкадағы PhD бағдарламаларына ұқсас.
Кампус: Астана, Қазақстан
Оқыту тілі: ағылшын
Оқу нысаны: Күндізгі, кампуста
Ұзақтығы: 4 жыл
ECTS кредиттерінің жалпы саны: 240
1-ші жыл
Әлеуметтік ғылымдар зерттеулерінің негіздері
Микроэкономикалық теория
Математикалық экономика
Негізгі зерттеу дағдылары I
Жетілдірілген сапалық әдістер
Жетілдірілген сандық әдістер
Жазғы зерттеу жұмысы
2-ші жыл
Пәнге арналған арнайы курс I
Пәнге арналған арнайы курс II
Пәнге арналған арнайы курс III
Негізгі зерттеу дағдылары II
Таңдау пәні I
Таңдау пәні II
Жазғы зерттеу жұмысы
PhD кешенді емтиханы
3-4-ші жыл
Диссертация ұсынысын таныстыру
Диссертацияны соңғы тапсыру
Диссертацияны қорғау
Екі сәтті оқытушылық ассистенттік (GTA)
1-4-ші жыл
GSB ғылыми семинарлары
Зерттеу жобалары