«Мемлекеттік басқару магистрі» онлайн-бағдарламасы (онлайн MPA) мемлекеттік басқару саласында сапалы білім алуға және кәсіптік даярлықтан өтуге ниет білдірген жұмыс істейтін кәсіпқойларға арналған. Осы бағдарлама студенттерді мемлекеттік басқару (теория және практика), қолданбалы экономика және статистика, базалық бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламаларды бағалау және зерттеу әдістері саласында қажетті біліммен қамтамасыз етеді.
Академиялық дәрежеге әкелетін бағдарламаның стандартты ұзақтығы 20-24 айды құрайды. Микрокредиттерді жинақтау арқылы оқитын студенттерге 48 айға дейін оқуға рұқсат етілуі мүмкін.
Икемді сабақ кестесі және онлайн оқыту форматы студенттерге сабақтарды өз жұмыс кестелеріне сәйкес таңдауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сектордың лауазымды қызметкерлерді олардың еңбек практикасына негіз болатын академиялық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету;
Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқару деңгейін арттыру;
Экономиканы, қоғамды және мемлекеттік аппаратты жаңғырту жөніндегі Қазақстанның стратегиялық мақсатына қол жеткізуде мемлекеттік сектордың әлеуетін құру.
Бағдарламаны сәтті аяқтаған жағдайда түлектер келесілерді меңгереді:
Қоғам мүддесі үшін жетекшілік ету және басқару;
Саяси процеске қатысу және оған өз үлесін қосу;
Күрделі және динамикалық ортада талдау, жинақтау, сыни тұрғыдан ойлау, мәселелерді шешу және негізделген шешімдер қабылдау;
Мемлекеттік қызмет тұжырымдамасын қалыптастыру, қолдану және ілгерілету;
Әр түрлі және өзгермелі жұмыс күшімен және тұтастай алғанда қоғаммен өнімді және мәдени қарым-қатынас жасау және нәтижелі әрекеттесу;
Өз білімін, мысалы, эмпирикалық жаттығулар және қоғамдық, әкімшілік және саяси кәсіптер мен секторлардың кең ауқымындағы мамандармен өзара әрекеттесу арқылы қолдану.
MPA онлайн-бағдарламасын сәтті аяқтау үшін студент таныстыру бағдарламасын, негізгі модульдерді (48 ECTS), факультативтік модульдерді (32 ECTS) және магистрлік жобаны (12 ECTS) орындауы керек.
«Мемлекеттік басқару магистрі» (MPA) дәрежесін алу үшін студенттер 4,0-ден кемінде 2,67-ден кем емес орташа баллмен (CGPA) 92 ECTS кредитті меңгеру керек.
Жиналған ECTS кредиттерінің санына байланысты студент MPA бағдарламасын аяқтап, жоғары білім туралы диплом, жоғары білім туралы сертификат немесе белгілі бір мамандықтар бойынша төсбелгі (бейдж) ала алады.
Тілі: Ағылшын
Оқыту нысаны: Онлайн
Бағдарламаның бейімді және икемді кестесі оның онлайн форматымен бірге студенттерге оқуларын өздерінің жұмыс міндеттемелеріне сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
Ұзақтығы: 20-48 ай
ECTS кредиттердің жалпы саны: 92
Мемлекеттік басқару теориясы мен практикасы I
Мемлекеттік басқару теориясы мен практикасы ІІ
І Мемлекеттік сектор басшылары үшін экономиканың қолданылу аясы
ІІ Мемлекеттік сектор басшылары үшін экономиканың қолданылу аясы
І Мемлекеттік сектор басшыларына арналған зерттеу әдістері
ІІ Мемлекеттік сектор басшыларына арналған зерттеу әдістері
Бағдарламаны бағалау I
Бағдарламаны бағалау IІ
Фискалдық басқару және бюджеттеу I
Фискалдық басқару және бюджеттеу IІ
Кадр саясаты және басқару I
Кадр саясаты және басқару IІ
Магистрлік жоба
8 Факультатив
Мемлекеттік сектор – мемлекеттік органдарда, мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдарда және коммерциялық емес ұйымдарда саясаттанушы, саясаттың жаңашылдары ретінде; саяси жетекшілерге арналған қызметкерлер.
Жеке сектор – білім менеджменті, HR және қоғаммен байланыс, үкіметпен байланыс бойынша кеңес беру.
Ғылыми қызметі – мемлекеттік саясат саласындағы немесе басқа салалардағы докторантура.
Бағдарламаның толық құны: 15 000 АҚШ доллары(92 ECTS)
Модуль бағасы:652 АҚШ доллары (4 ECTS)
2024–2025 оқу жылына тіркелу жеңілдігі: 25%, жалпы құн ерте тіркелушілер үшін11 250 АҚШ долларына дейін төмендетілген.
Арнайы жеңілдіктер:
Әлеуметтік осал топтарға 75% жеңілдік; жалпы құны — 3 750 АҚШ доллары.
НУ қызметкерлері мен Қазақстан және Орталық Азиядағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне 50% жеңілдік; жалпы құны — 7 500 АҚШ доллары.
Егер үміткер бірнеше санатқа жатса, ең төменгі оқу ақысы қолданылады.
Біз сізбен байланысу үшін жеке мәліметтеріңізді жазып алыңыз
Курсыңызды өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеңіз.