form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Оқыту

all programs

Мемлекеттік басқару докторы

DPM бағдарламасы – өз дағдыларын жетілдіріп, мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуді қалайтын мемлекеттік сектордың аға мамандарына арналған. Бұл 36 айлық бағдарлама – кемінде 8 жыл жұмыс өтілі бар, оның бір бөлігі шешім қабылдауға жауапты лауазымда өткен мемлекеттік қызметшілер үшін қолайлы.

 

Бағдарламаның мақсаттары

Бағдарламаның жалпы мақсаттары:

  • Докторанттарды теориялық негіздерді, қатаң аналитикалық әдістер мен этикалық тәсілдерді қолдана отырып, мемлекеттік басқару мен қолданбалы саясаттың кең ауқымды мәселелерін шешуге дайындау;
  • Дәлелді деректер негізінде шешім қабылдауға және басқаруға ықпал ету;
  • ОПҚ мен докторанттардың кәсіби өсуі мен пәнаралық ынтымақтастығын қолдау және ынталандыру;
  • Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия өңірінде мемлекеттік қызметшілердің жоғары буынын даярлау жөніндегі жетекші бағдарламалардың бірі ретінде танылуға қол жеткізу.

 

Жалпы ақпарат:  

Кампус: Астана, Қазақстан

Тілі: Ағылшын

Оқыту нысаны: Күндізгі, Назарбаев Университетінің кампусында

Ұзақтығы: 36 ай

ECTS кредиттердің жалпы саны: 200

 

Курстар

1-ші жыл

· 8 негізгі курс

· Біліктілік емтиханы

2 және 3-жыл

· Диссертациялық ұсыныс және қорғау, одан кейін диссертацияны дайындау және жазбаша түрде тапсыру

· Ауызша (Viva Voce) емтихан

 

Мансап

Мемлекеттік сектор – үкіметте, мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдарда, сараптамалық орталықтарда, әлеуметтік зерттеулер және үкіметтік емес ұйымдарда жоғары деңгейлі саясат талдаушысы, саясат жаңашылы, қоғаммен байланыс директоры және саяси көшбасшылық қызметтерінде жұмыс істеу мүмкіндігі.

Жеке сектор – мемлекеттік секторды басқару жөніндегі кеңесші, үкіметпен байланыс/қатынастар жөніндегі директор, білім беру менеджменті, нормативтік сәйкестік, ESG стратегиясы және тұрақты даму салаларында зерттеу және консалтинг.

Қабылдау талаптары
Inner program image

Бағдарламаға құжат тапсыру

Сен кімсің?

Курс

Full time
  • Full time
  • Part time
  • Distance
+ Year Adboard
  • + Year Adboard
  • + 4 Years Adboard
  • + 2 жыл
  • Басқа
Растау коды

Біз сізбен байланысу үшін жеке мәліметтеріңізді жазып алыңыз

Курсыңызды өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеңіз.