Медбикелік іс бакалавры (МІБ) бағдарламасы екі жыл (төрт семестр) оқудан кейін кәсіби біліктілікті беретін, «Медбикелі іс бакалавры» академиялық дәрежесін аяқтауға әкелетін күндізгі бөлімдегі бакалавриат оқу бағдарламасы болып табылады.
Қабылдау критерийлеріне сәйкес келетін және осы бағдарламаны сәтті аяқтаған медбикелер “Медбикелік іс бакалавры” академиялық дәрежесін алады. Тәжірибелік медбикелерге арналған бұл бакалавриат бағдарламасы медбикелердің медбикелік іс және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыс тәжірибесі және кәсіби білімі кезінде алған дағдыларына негізделеді.
МІБ бағдарламасының оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін келесілер пайдаланылады: Пациенттер мен қауымдастықтарды медбикелік тереңірек бағалау; денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу; науқасты, отбасын және қоғамды оқуту; медбикелік тәжірибені, саясатты және жобаларды басшылыққа алу үшін дәлелді зерттеулерді пайдалану; және топтық жобалар бойынша ынтымақтастық.
NU SoM кампусы бойынша виртуалды турды қарау 360 Virtual Tour
Кампус: Астана, Қазақстан, NUSOM ғимараты
Оқыту тілі: орыс тілі
Оқу форматы: күндізге, кампуста
Ұзақтығы: 2 жыл
ECTS кредиттерінің жалпы саны: 240
1-ші жыл
2-ші жыл
Бағдарлама түлектері мансаптық өсу мен ұлттық және халықаралық денсаулық сақтау индустриясының әр түрлі салаларында жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бірін таңдай алады:
әкімшілік немесе басқару позициялары, білім беру, зерттеу қызметі, консультациялық қызметтер, денсаулық сақтау қоғамдастықтары мен орталықтары, әлеуметтік қызмет.