form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Оқыту

all programs

Қаржы жөніндегі ғылым магистрі

Қаржы саласының ғылым магистрі бағдарламасы – бұл қаржы саласында мансап жасауға ұмтылатын, ынтасы өте жоғары деңгейдегі адамдарға арналған мамандандырылған сандық оқыту курсы.

Бағдарлама жас мамандарды мемлекеттік немесе жеке сектор ұйымдарында қаржы саласындағы тиісті лауазымдарда тиімділікті арттыру және табысқа жету бойынша білім беріп, тиісті дағдылары мен қабілеттерін дамытады. Бағдарлама халықаралық тәжірибе алу үшін Ұлыбританияның Лондон қаласында екі апталық халықаралық тағылымдаманы ұсынады. Оқу процесі CFA (сертификатталған қаржы аналитигі) емтихандарына дайындықтың негізі болып табылады.

 

Жалпы ақпарат:  

Кампус : Астана, Қазақстан

Тілі: Ағылшын

Оқыту нысаны: Күндізгі, Назарбаев Университетінің кампусында

Ұзақтығы: 16 ай

ECTS кредиттердің жалпы саны: : 98

 

Курстар

Оқу бағдарламасы теорияны озық әлемдік практикамен біріктіре отырып, халықаралық деңгейдегі қаржы саласындағы жетекші магистратура бағдарламаларын салыстырмалы талдауға негізделген. Bloomberg терминалдары мен мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы, фреймворк пен құралдарды барынша пайдалана отырып,қаржы-технологиялық секторға (Fintech) ерекше көңіл бөлінеді.

 

Мансап

Негізгі бағыттары:

  • Қаржы жөніндегі директор
  • Инвестиция жөніндегі маман
  • Бухгалтер
  • Кредит жөніндегі аналитик
  • Бюджет жөніндегі аналитик
  • Бас маман
  • Ішкі аудитор
  • Биржалық маклер

 

Стратегиялық әріптес

Халықаралық тағылымдама бойынша әріптес .



Қабылдау талаптары
Inner program image

Бағдарламаға құжат тапсыру