form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Оқыту

all programs

Көптілді білім беру саласындағы магистр

Көптілді білім беру саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі көптілді білім берудің теорияларын, саясаты мен практикасын қамтиды және үштілді білім берумен тығыз байланысты. Бұл бағдарлама оқыту дағдыларын дамытуға, оқу бағдарламаларын әзірлеуге, жалпы білім берудің тіл саясаты, атап айтқанда тілдерді оқыту саласындағы саясат пен зерттеулерді бағалауға, талдауға бағытталған. Бұл екі жылдық күндізгі бағдарлама.

Қарқынды дамып келе жатқан жаһандандық және халықаралық әлемде жетістікке жету үшін мүдделі тараптар (мұғалімдер мен әкімшілерден бастап басшыларға дейін) білім туралы терең, сыни түсінік қалыптастыруы керек. Бұл бағдарлама студенттерге тез өзгеретін әлемнің проблемаларын шешу жолында болашақ ұрпақтың дамуын қамтамасыз ету үшін адами капитал ретінде қолданылатын жаһандық, халықаралық және сыни дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Басшылар, саяси қайраткерлер, оқытушылар мен әкімшілер жаһандық, көптілді және халықаралық мәнмәтінде білімнің сипаты, іске асырылуы және бағалануы туралы терең түсінікті дамытады.

Жалпы ақпарат:  

Кампус : Астана қ., Қазақстан

Тілі: Ағылшын

Оқыту нысаны: Күндізгі, кампуста.

Ұзақтығы: 2 жыл.

ECTS кредиттердің жалпы саны: 120

 

Курстар

  • Көптілді оқу бағдарламаларын әзірлеу және бағалау
  • Мультиәдебиет: Көптілді мәнмәтінде тіл мен сауаттылықты оқыту
  • Көптілді мектеп
  • Диссертациялық зерттеу I
  • Тіл саясаты және әртүрлі мәнмәтіндегі білім беру реформасы
 

Мансап

Магистратура бағдарламасының түлектері мектептердің, білім министрлігі мекемелерінің, даму агенттіктерінің, ҮЕҰ, талдау орталықтары мен университеттердің жұмысына маңызды үлес қосу қабілетін дамытады. Басшылар, саяси қайраткерлер, оқытушылар мен әкімшілер жаһандық, көптілді және халықаралық мәнмәтінде білімнің сипаты, іске асырылуы және бағалануы туралы терең түсінікті дамытады.

 

Стратегиялық әріптес

Пенсильвания университеті және Кембридж университеті.



Қабылдау талаптары
Inner program image

Бағдарламаға құжат тапсыру